МАҚТААРАЛДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Көп жылдар бойы атқарған мінсіз қызметтері үшін мақтааралдық полицейлер марапатталды деп хабарлайды aqparaqnews.kz порталы.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес еңбек сіңірген жылдарын ескеріп, мінсіз қызмет атқарып жүрген Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлері ҚР Ішкі Ісьер органдарының I, II, III дәрежелі медальдарымен наградталды. Іс-шара барысында өзінің саналы ғұмырын құқық қорғау саласына арнап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген Мақтаарал ауданының учаскелік полиция бөлімінің полиция майоры Естау Ержанов «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының ардагері» төсбелгісімен, полиция майоры Нұрлыбек Басымбеков пен полиция капитаны Нүркен Шамсудин ҚР Ішкі істер органдарының «Мінсіз қызметі үшін» III дәрежелі медальдарымен марапатталды.
Аталмыш наградаларды Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Әділбек Сапарбеков салтанатты түрде табыс етті.
Шара соңында марапатталғандар өздерінің алғыстарын білдіріп, жүрекжарды тілектерін арнады. Олар халық үшін алдағы уақытта да мінсіз қызмет атқаратындықтара беруге уәде етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *