ҰСТАЗДАР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Бүгінде педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, мектеп басшылары мен мұғалімдерінің иновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында білім мен өнер салаларында түрлі ауқымды іс-шаралар өткізілуде. Өйткені, жаңа заманға  лайық тәрбие мен жаңаша білім беру – өмір талабы.

Сондай ауқымды шаралардың бірі саналатын фестивальдердің ішіндегі шоқытығы биігі «Педагогикалық идеялар» фестивалі.

Түркістан қаласында өткізілген аталмыш додада Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты “№31 Береке жалпы білім беретін мектеп” КММ музыка пәнінің мұғалімі Меруерт Мырзабекова облыстық кезеңде жүлделі І орынды қанжығасына байласа, бастауыш сынып мұғалімі Айнұр Турсова жүлделі ІІ орынды иеленді.

Педагогтердің бақытты болашақтың иесі балаларға сапалы білім беру барысында шығармашылық қабілеттері мен ерекше идеяларын жарыққа шығару үшін ұйымдастырылған іс-шара өте сапалы,  әділ өткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *