ШАРДАРАДА КӘРІЗ ҚҰДЫҚТАРЫНЫҢ ҚАҚПАҚТАРЫН ҰРЛАУ ТОҚТАР ЕМЕС

Мәселені шешу үшін Шардара ауданының әкімдігі темір қақпақшаларды полиэтилен қақпақшаларға ауыстыруды жоспарлап отыр деп хабарлайды aqparaqnews.kz порталы.

Мекеме директоры Құрманғазы Акбаровтың айтуынша қаладағы кәріз жүйелері құдықтарының қақпақтарын ұрлап, бас пайдасы үшін темір қабылдау орындарына өткізетіндердің қарасы қалыңдаған. Биылғы көктемнің 2 айында Шардара қаласындағы 90 құдықшаның қақпағы қолды болған.
Мұндай құқық бұзушылық үшін тұлғаға ҚР ҚК 188-бабы «ұрлық», яғни, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау бойынша, ал, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алғаны немесе өткізгені үшін субъект ҚР ҚК 196-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
«Біз мекеме тарапынан ашық құлақшалардың азаматтарды түрлі жарақаттарға, әсіресе, балалардың қауіпсіздігін, автомобильдердің бұзылуына әкелу қаупінің алдын алу мақсатында шұғыл әрекет етудеміз.
Ұрланған қақпақшалар бойынша мәліметті дер кезінде жергілікті полицияға хабар бергенімізбен нәтиже жоқ» дейді «Шардара коммуналсервис» мекемесінің директоры Құрманғазы Акбаров.
Ұрлықтың алдын алып, мәселені шешудің тиімді жолдарын қарастырып жатқан жергілікті әкімдік полицейлерге сенім артпай-ақ темір қақпақшаларды полиэтилен қақпақшаларға ауыстыруды жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *