МАҚТААРАЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР ОБЛЫСТЫҚ ДЕБАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Ағымдағы жылдың 14-15 ақпан күндері Мақтаарал ауданының білім беру бөліміне қарасты Қ.Мүсірепов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің базасында 8-11 сынып оқушылары арасында «ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЗАМАН ТАЛАБЫ» атты облыстық пікірсайыс турнирінің аудандық іріктеу кезеңі болып өткен болатын.

Аталмыш турнирдің аудандық кезеңіне ой мен ақылды ұштастырған оқушылардың 49 мектеп фракциясы қатысты.

Аталмыш пікірсайыс додасына №31 «Береке» жалпы білім беретін мектебінен қатысқан «Алаш» қазақ тілі фракциясы арнайы номинациямен марапатталса, «Феникс» орыс тілі фракциясы мен «Deposit» ағылшын тілі фракция жүлделі І орындарды иеленген-тін.

Аудандық кезеңде алдыңғы қатардан көрінген қос фракция 23 ақпан күні өткен облыстық турнирде де жақсы нәтие көрсетіп, «Феникс» орыс тілі фракциясы жүлделі ІІ орынды, ал, «Deposit» ағылшын тілі фракциясы ІІІ орынды иеленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *