ЖЕТІСАЙДЫҢ «ДАРЫН» МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫ РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Өткен оқу жылын табысты тәмамдаған «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» жаңа оқу жылын да үлкен қуанышпен бастағалы отыр.
Жетісай аудандық мәслихатының депутаты, білікті басшы Көбейбек Алиев басқарып отырған аталмыш білім ұясының ұстаздары мен шәкірттерінің білім деңгейімен, түрлі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысында жеткен жетістіктері бойынша мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаттарының арасында республикада ІІІ орынға ие болса, Түркістан облысы бойынша көш бастап, І орынды еншіледі.
«Мекеме басшысы ретінде тонның ішкі бауындай бірлесе еңбек етіп жүрген ұжымыма, әр қадамымызға қуана білетін ата-аналарға және дарынды шәкірттеріме құтты болсын деймін!
Мұндай мәртебелі межеге жету – төккен тер мен еселі еңбектің нәтижесі. Біз бұл жетістікпен тоқтап қалмаймыз. Алдағы уақытта халықаралық, әлемдік ареналарда еліміздің абыройын асқақтатып, мәртебесін көтеруге күш салатын боламыз» дейді «Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты» КММ директоры Көбейбек Алиев.
Қазіргі таңда республикада «Үздік педагог» атанған ұстаздардың екеуі, 15 ғылым магистрі және білікті де ізденімпаз мамандары бар жаңашыл әрі еңбекқор, бірлігі жарасым тапқан мектепті өткен оқу жылында бітірген 54 түлектің 14-і «Алтын белгі» иегері атанса, 17 түлек «Үздік аттестат» алған болатын. Ұлттық бірыңғай тестілеуге де 100 пайыз қатысып, орташа баллдары 115,6 жеткен жеткіншектердің 52-сі мемлекеттік грант иегері атанса, 1 түлік Түркістан қаласындағы Қазақ-Түрік университетінің грантына ие болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *