ЖЕТІСАЙДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚҰҚЫҚ БҰЗЫШЫЛЫҚТАРДЫҢ САНЫ КЕМІГЕН

2022 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстардың нәтижесі талқыланған жиында Жетісай ауданында былтырғы жылмен салыстырғанда құқық бұзушылықтар саны 31,8%-ға кемігендігі айтылды деп хабарлайды aqparaqnews.kz порталы.

Жетісай ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ермахан Абдраманов жедел кеңес ұйымдастырды. Жиын Жетісай АПБ-ның мәжіліс залында, арнайы жеке құрамның қатысуымен өтті. Онда 2022 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстардың нәтижесі талқыланды. Атап айтар болсақ, жыл басынан бері Жетісай ауданында былтырғы жылмен салыстырғанда құқық бұзушылықтар саны 31,8%-ға кеміген. Тәртіп сақшыларының қырағылығының арқасында алаяқтық қылмысы 56,8%-ға азайып отыр. Аудан аумағында мал ұрлығы қылмысының алдын алып, үш жақты жасалған келісім шарт негізінде мал ұрлығы 22,2%-ға төмендеген. Өткен жылға қарағанда қылмыстардың алдын алу мақсатында жасалған жұмыстардың нәтижесінде бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар 33,3%-ға азайған. Шара барысында осы жылдың 3 айында болған кемшіліктер ашық талқыланып, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқыққа қарсы іс-әрекеттердің алдын алуда жіберілетін қателіктерді жою, келешекте болдырмау, сондай-ақ, жеке құрамның жедел-профилактикалық жұмыс барысын жандандыру бағытында алдағы уақыттағы жұмыс жоспарлары айтылды. Жиын соңында ҚР Президенті, ҚР ІІМ және Түркістан облысы Полиция департаменті басшыларының талаптары мен бұйрықтары жеке құрам назарына жеткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *