ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТОЛАССЫЗ ЖАУҒАН ЖАҢБЫРМЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

Қазығұрт ауданында жауған жауын-шашын әсерінен көшелерді, аула аумақтарын су басу жағдайы орын алуына байланысты тұрғын үйлердің су басуына жол бермеу мақсатында ТЖД қызметкерлерінің көмегімен жаңбыр суын сору жұмыстары жалғасуда деп хабарлайды aqparaqnews.kz порталы.

2022 жылғы 24 сәуірінде Түркістан облысында қатты жауын шашын салдарынан Қазығұрт ауданының 2 елді мекенінде, Жіңішке ауылында 1 дәмхана, 15 аула және Қызылсеңгір ауылында 17 аула, 6 шаруашылық ғимараты нөсерлі жауын-шашынның салдарынан су кірген.
Аталған хабарламалар бойынша жергілікті атқарушы және төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері тарапынан аумақтан су сорып шығару жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық өрт сөндіру бөлімі мен бекеттерінің, жергілікті ауыл әкімдіктердің ұйымдастыруымен су сорғыштар көшелер мен үйдің аулаларына толған суды шығару жұмыстарымен айналысуда.
Жұмысқа Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 32 қызметкер, 3 бірлік техника, 2 мотопомпа және жергілікті атқарушы органдардың 19 қызметкер, 6 бірлік техника, 2 мотопомпа күштерімен суды сору және арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар көшелерді, үйлердің аулаларын су басу фактісіне байланысты аудан әкімдігінің жедел желісі іске қосылып, тұрғындар тарапынан хабарламалар түскен жағдайда шұғыл іс-шаралар атқарылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *