АУҚЫМДЫ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Жетісай аудандық білім бөлімінің №66 «Мырзашөл» жалпы білім беретін мектебі базасында аудандағы барлық мектептердің педагог-психологтары мен ата-аналарының, 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен ауқымды психологиялық семинар кеңес болып өтті.

«Жасөспірімдердің арасында аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу» тақырыбында өткен кеңестің басты мақсаты – жасөспірімдердің өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, ата-аналардың бала өмірінің қауіпсіздігіне байланысты міндеттерін күшейту, отбасында бақытты өмір сүруге, баланың жеке қасиеттерін білуге ақпарат беру болып табылды.

Аталмыш басқосуға қатысушыларға №66 «Мырзашөл» жалпы білім беретін мектебінің директоры Мұхтар Тәңірбергенов алғысын білдіріп, педагог-психологтардың жұмысына сәттілік тілесе, аудандық білім бөлімінің психологиялық қызмет бойынша әдіскері Қ.Ибадуллаева «Жасөспірімдердің арасында аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды.

Басқосу барысында 9 сынып оқушыларымен «Өмір неткен керемет!» тақырыбында, ал, ата-аналармен «Үйлесімді отбасы – бақытты бала» тақырыбында психологиялық тренинг сабақтары, ойын-жаттығулары өткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *