«ШАТТЫҚ» БИ ҰЖЫМЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Бүгінде ел болашағы саналатын жастардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуында мектеп табалдырығының, ұстаздар қауымының, жастайынан немен айналысуға қабілетті екенін нақтылаудың алар орны ерекше. Оларға мектеп қабырғасында тек білім ғана беріп қоймай, адами қасиеттерді, ұлттық салт-дәстүр мен өнерді бойларына мықтап сіңіру де басты назарда. Ал, адамзаттың барлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақтар бойына сіңіруде, олардың қоғамдық көзқарастарының  дұрыс қалыптасуында эстетикалық тәрбиенің маңызы аса зор.

Эстетикалық тәрбиенің ең басты салаларының бірі – музыка, өнер. Жас ұрпақтарға эстетикалық тәрбие беріп, жеке тұлғаның ақыл-ойы мен дене бітімін жетілдіруде, біліктілігі мен ойлау қабілетін дамытуда, оқушыларды халықтық музыка мен ұлттық өнерге баулуда ерекше еңбек етіп келе жатқан Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты «Т.Рысқұлов» атындағы №20 жалпы білім беру мектебінің «Шаттық» би ұжымы Түркістан оқушылары арасында өткен «Turan Bala Fest» телебайқауында би номинациясы бойынша Бас жүлдені иеленді.

2008 жылы Кенжехан Ақылов негізін қалаған «Шаттық» би ұжымының үлкен, орта және кіші топтарында 60 оқушы би үйірмелеріне қатысады. Қазірде репертуарларында 30-ға тарта түрлі ұлттардың биі бар.

Аталмыш ұжым бұған дейін де «Ақ көгершін», «Күншуақ», «Сәлем саған, Түркістан»,  «Ақшағала», «Балтаңдай», «Кел билейік!» және «Азия таланттары» сынды халықаралық, республикалық, облыстық фестивальдардың жеңімпазы атанған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *