ЖАЙДАРМАНШЫЛАР АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГЫН САРАПҚА САЛДЫ

Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен жайдарманшылар арасында аудан әкімі Бақыт Асановтың кубогы сарапқа салынды деп хабарлайды aqparaqnews.kz порталы.

Бұған дейін ауданға қарасты 2 кент пен 9 ауылдық округтерде балалар жылына арналып өткізілген жайдарман ойындарында өзара үздіктерін анықтаған болатын. Іріктеліп шыққан 11 команда және өзге аудандардан қосылған 4 еркін құрама өздерінің бар өнерлерін ортаға салып, аудан әкімінің кубогы үшін қызықты ойын көрсетті.
Ауқымды жобаға аудандық мәслихат депутаттары Мұхтар Әжіқаблов пен Сүндет Кенжебаев арнайы қатысты. Ал, жайдарманның кіл мықты ардагерлерінен құралған әділқазылар әкім кубогы үшін өткен ойынға төрелік жасады.
Ойынның нәтижесі бойынша Шардара ауданынан келген «Ұзын ата» командасы ІІІ орынға табан тіресе, ІІ орын Достық ауылдық округі әкімінің құрамасына бұйырды. Өзінің үздік әзілдерімен қалың көрерменді күлкіге қарық қылған Бірлік ауылдық округі әкімінің құрамасы жүлделі І орынды иеленіп, аудан әкімі Бақыт Асанов кубогының жеңімпазы атанды.
Барша командалар мен үздік жайдарманшылар арнайы алғыс хаттармен, дипломдармен марапатталып, жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *