МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЖАСТАРМЕН TEDX ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Мақтаарал аграрлық колледжінде «Жалынды жастар – жарқын болашақ» тақырыбында ТEDх форматында ашық алаңдағы алау жанында халық қалаулыларымен кездесу болып өтті деп хабарлайды aqparaqnews.kz порталы.

Кездесуге ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Қайнар Абасов, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Ұлжанат Жұрымбетова мен Ойрат Мамыров, «Nur Otan» партиясы Мақтаарал ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Досым Асабаев пен аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы, аудандық мәслихат депутаты Сүндет Кенжебаев қатысты. Жастардың аға буын өкілдерімен еркін форматта өткен жылы жүздесуі тосын сұрақтарға толы болды. Халық қалаулыларының өмір белестері мен еңбек жолдары жайында кеңінен мағлұмат алып, ақыл-кеңестерін тыңдады.
Ашықтық пен жариялылық қағидаларына сай партия қатарын шынайы халықшыл азаматтармен толықтыруға және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тың серпіліс әкелетін жаңа көзқарасты саясаткерлердің пайда болуына толық мүмкіндік туғызып, елдегі жаңа саяси мәдениеттің пішіндері мен іргетасының қалыптасуына өз септігімді тигізе алатын жастардың әлеуметтің әлеуетінің артуына, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, жастар саясатының қарқынды жүзеге асуына еңбек ететіндіктеріне сенім білдірген Қайнар Абасов жастарға сәттілік тіледі.
Білім мен жұмыс сапасын жақсарту бағытындағы және елдегі саяси тұрақтылықты сақтаудағы, өкілетті және атқарушы билік арасындағы іскерлікті арттыру мақсатындағы жастардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, жасандылық пен екіжүзділіктен аулақ болуға шақырды.
«Алдағы уақытта осындай форматтағы жастармен кездесу тұрақты түрде өтетін болады және бұл жастарға қолдау көрсетудің оңтайлы жолы деп білемін» дейді Сүндет Кенжебаев.
Шара барысында мақтааралдық жастар хормен де, жекелеген түрде де патриоттық әндерді шырқап қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *