МАҚТААРАЛДЫҚ ДЕПУТАТТАР КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

“Nur Otan” партиясы Мақтаарал аудандық филиалының 2022 жылға бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Досым Асабаев, аудандық мәслихат депутаттары Мұхтар Әжіқабылов пен Айгүл Ахментаева Аязхан Қалыбеков ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен кездесіп, қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға ауылдық округ ардагерлері кеңесінің мүшелері, округ әкімі, ауыл белсенділері мен ауыл билері қатысты.
Қоғамдық қабылдауда ауыл тұрғындары А.Оразов, Б.Карімов, Т.Байсариев, Қ.Көзбаев, О.Оразов округ аумағындағы тас төселген көшелерді асфальттау, Тұран ауылын табиғи газбен қамту, елді мекендерде жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында спорт алаңшаларын салу, Тұран, Жамбыл, Төрткүл елді мекендеріне ФАП ғимараттарын салу, үлкен жол бойын жарықтандыру мәселелерін айтты.
Жоғарыдағы айтылған мәселелер бойынша депутаттар Атамұра елді мекенінен нақтыланған жер теліміне сәйкес спорт алаңшасын салуға 2022 жылға қаражат бөлінгенін, қалған елді мекендерге ауыл әкімдігі тарапынан жер телімі қарастырылып, құжаттау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын және Жамбыл, Тұран, Төрткүл елді мекендеріне ФАП құрылысын салуға ауыл әкімдігі тарапынан жер телімі нақтыланып құжаттарының Атакент ауыруханасына жіберілгені тұрғындарға түсіндірілді. Медициналық мекемелерді салу үшін Атакент ауыруханасы бүгінгі таңда тиісті жұмыстар жүргізіп жатқандығы айтылды.
Қабылдау соңында мәслихат депутаттары тұрғындар тарапынан айтылған өтініштер мен ұсыныстардың жүзеге асырылуын өз бақылауларына алып, заң аясында тиісті мекемелерге хат жазуға, мәселелердің оң шешілуіне ықпал жасауға уәде етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *