АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚАРАЛУДА

2021 жылы Жетісай ауданы тұрғындарынан білім саласына қатысты менің атыма бірнеше арыз-шағымдар мен өтініштер келіп түскен болатын. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық мәслихатының фракция мүшесі ретінде аудан тұрғындарының өтініштерін оңды шешу мақсатында облыс әкімінің орынбасарлары мен облыстық басқарма басшыларына депутаттық сауалдар жолдадым. Менің депутаттық сауалым бойынша облыс әкімінің орынбасары А.Сабитовтың тарапынан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасында жұмысшы топ құру жөнінде шешім қабылданды. Жұмысшы топқа «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық мәслихатының фракция мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары Т.Қырықбаев, Д.Егембердиева, Т.Қаржауов, Г.Тәжібаева, С.Көшенов пен облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары А.Өсербаев бастаған бір топ қызметкерлері енгізілді. Жұмысшы топтың негізгі міндеттері облыс көлеміндегі апатты мектептер мен үш ауысымды және үш ауысымға өту қауіпі бар мектептерге зерделеу жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытта республикалық немесе облыстық бюджетке енгізуге ұсыныс беріп, құрылыс жұмыстарын бастауға тиісті құжаттарын рәсімдеп, заңдастырып, қаржы бөлдіру. Жоғарыда атап өткендей, Менің атыма Жетісай ауданы, Асықата кенті орталығында орналасқан №11 Жеңіс мектеп-гимназиясында бастауыш сынып оқушылары үш ауысымда білім алып жатқаны туралы 190 ата-аналардан арыз түскен болатын. Онда №11 Жеңіс мектеп-гимназиясында 600 оқушының орнына 1300 оқушы білім алып жатқаны жазылған. Аталған мектепке 2021 жылы 2 қазан күні аудандық мәслихаттының бір топ депутаттары мен ата-аналардың басын қосып, мектептегі бастауыш сыныбының оқушылары үш ауысымда оқып жатқаны туралы АКТ түздік. Осы мәселеге жауапты Жетісай аудандық адами даму әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Т.Мырзалиев бұл жағдайды жасырып, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысына жалған анықтама берген. Мен осы мәселені анықтай келе, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысы Р.Жолаевқа Жетісай аудандық адами даму әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Т.Мырзалиевке әртіптік шара көруді талап еттім. Бүгінгі таңға бөлім басшысының жауакершілігі қаралып, тәртіптік шара көрілді.
Ағымдағы жылдың 26 қаңтары күні менің ұсынысым бойынша бірінші кезекте жұмысшы топ құрамы Жетісай ауданындағы «Жеңіс» мектеп-гимназиясынан бастады. Жұмысшы топ құрамы мектеп-гимназиядағы барлық жағдайды зерделей келе, қосымша 150 орындық ғимаратын салуға шешім қабылдады.
Менің 2021 жылы 10 ақпан күні өткізген қоғамдық қабылдауыма Жетісай ауданы, Жетісай қаласының бір топ тұрғындары келіп, М.Дулати көшесі №6А мекен-жайында орналасқан «Жетісай қосалқы мектеп-интернаты» КММ ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп беруге көмек сұраған болатын. Аталған мектеп-интернат 34 жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстарын көрмеген, ғимараттың ішкі бөлмелері мен сыртқы келбетінің тозығы жетіп, ескірген. Мектеп-интернатта оқушылар жататын кроваттар, сыныптағы тақталар, парталар мен шкафтар есікіріп, жарамсыз жағдайға жеткен. Осындай келеңсіз жағдайлар мектеп-интернаттағы білім алып жатқан оқушылардың білім сапасына кері әсерін беретіні сөзсіз. Сондықтан да, мектеп-интернаттың қазіргі жағдайымен танысқан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары мектеп-интернаттың күрделі жөндеуден өтуіне жобалық-сметалық құжаттарын рәсімдеуге ағымдағы жылы қаржы бөлуге уәде етті. Келесі кездесудің қорытындысымен Н.Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебіне қосымша 200 орынды ғимарат салуына және Жетісай қаласында орналасқан «Дарын» мектеп-интернатына қосымша жатақхана салуға ұйғарым жасап, тиісті анықтамаларды дайындайтын болды.
Мақтаарал ауданына барып, білім ошақтарына зерделеу жұмыстарын жүргіздік. Зерделеу барысында Атакент кентінде орналасқан 5 мектепте оқушылар санының артуына байланысты үш ауысымға ауысу қаупі бар екені анықталды. Атап айтқанда, №6 Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектептебі 570 оқушыға арналған нақты 1116 оқушы білім алуда. №7 В.Комаров атындағы жалпы орта мектепте 536 оқушының орнына нақты 1031 оқушы, №9 жалпы орта мектебінде 300 оқушының орнына нақты 600 оқушы, №5 Мақтаарал мектеп-гимназиясында 1300 оқушының орнына нақты 1644 оқушы, О.Бопышев орта мектебінде 844 оқушының орнына 1012 оқушы білім алуда. Сонымен қатар, №55 С.Айни атындағы жалпы орта мектебіне қосымша 200 орындық ғимарат салу қажеттігі туындауда екендігі анықталды. Одан басқа жұмысшы топ Атакент кентінде 1200 орындық және 600 орындық жаңа үлгідегі мектеп салу, Достық ауылдық округіне қарасты Бескетік елді мекеніне 600 орындық мектеп салу қажеттіктеріне зерделеу жүргізетін болады.

Қырықбаев Темір Базарбайұлы
Түркістан облыстық мәслихатының депутататы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *