ҚАЗЫҒҰРТ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТКЕН

Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің инспекторлары алаяқтық қылмысына қарсы күресті күшейтіп, бірқатар қылмыстардың бетін ашқын деп хабарлайды aqparaqnews.kz порталы.

Соңғы кездері қоғамда белең алған қылмыстардың бірі – алаяқтық. Оңай жолмен олжалы болуды көздейтін қылмыскерлердің кейбірі әлеуметтік желілер арқылы ойын іске асырса, енді бірі банк немесе құзырлы орган, түрлі әлеуметтік сала қызметкерлері ретінде өздерін таныстырып, өзгенің сеніміне кіру арқылы қомақты қаржыны қалтаға басуға дағдыланған.
Бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуді кәсіп еткен алаяқтарға қарсы күресті күшейткен Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің инспекторлары бірнеше қылмысты ашты.
Нақтырақ айтар болсақ, Қазығұрт аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын өзін алаяқтардың алдап кеткенін айтады. Жас қыздың көмекке мұқтаж екенін білген бейтаныс әйел жас қызды мүгедектікке шығарып беретіндігін айтып, 240 мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынған.
Сонымен қатар, қазығұрттық полицейлерге арызданған ер адамның айтуынша 2021 жылдың тамыз айында оны бейтаныс азамат алдап кеткен. Яғни, алаяқ өзін «сот орындаушысымын» деп таныстырып, жәбірленушінің алиментке берешек ақшасын жойып беретінін айтып, қызметіне 300 мың теңге ақша алған. Бір жылдан бері уәдесін орындамай, түрлі сылтаулар айтып, ақшаны қайтарудан жалтарған жалған «сот орындаушының» үстінен ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынған.
Алаяқтық жолмен табысын арттырып, жәбірленушілердің қаражаттарын жеке бас пайдасына жұмсаған күдіктілердің жеке басы анықталып, бүгінде аудандық полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *