КӘСІБИ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ЖЕТІСАЙЛЫҚ СУДЬЯЛАР ТУРНИР ӨТКІЗДІ

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын іске асыру, салауатты өмір салтын өскелең ұрпаққа насихаттау, мемлекеттік орган қызметкерлерінің арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында 24 маусым «Судья және сот қызметкері күні» қарсаңында кіші футболдан мемлекеттік органдар арасында турнир өтті деп хабарлайды aqparaqnews.kz порталы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінен тең құқылықты сақтау, азаматтарға құрметпен қарау, менмендіктен арылу, азаматтардың құқықтарын қорғауға жәрдемдесуге ұмтылу сынды мәселелерге ерекше назар аударып отыр. Бұл – қазақстандық соттардың оң имиджін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Осы орайда ел Үкіметі 2022 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен еліміздегі кәсіби мерекелер тізбесі жаңа күнмен толығып, биылдан бастап 24 маусым «Судья және сот қызметкері күні» ретінде атап өтілетін болады. Биыл алғаш рет аталып өтетін кәсіби мерекелері аясында жетісайлық судьялар мемлекеттік органдар арасында кіші футболдан турнир өткізді.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын іске асыру, салауатты өмір салтын өскелең ұрпаққа насихаттау, мемлекеттік орган қызметкерлерінің арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған турнирге Жетісай ауданы әкімі аппараты мен Жетісай ауданы прокуратурасы, Жетісай ауданының полиция бөлімі мен пробация қызметі, Жетісай аудандық ҰҚК, Жетісай ауданы аумағындағы жеке сот орындаушылары мен адвокаттық қызмет өкіллері, Жетісай ауданы ауруханасы мен аудандық кірістер басқармасының, Жетісай аудандық сотының қызметкерлері қатысты.
Өзара тартысты өткен кездесулерде ұйымшылдықтарының нәтижесінде қарсыластарынан басым түсіп, әдемі ойын өрнегін көрсете білген командалар жеңіске жетті.
Нақтырақ айтар болсақ, жарыстың ІІІ орны Жетісай ауданы прокуратурасының прокурорларына бұйырса, жүлделі ІІ орынды Жетісай аудандық сотының құрама командасы қанжығаларына байлады. Ал, І орынды иеленген Жетісай аудандық полиция бөлімінің командасы турнирдің жеңімпазы атанды.
Барлық жеңімпаз командалар мен жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленген жекелеген ойыншылар ұйымдастырушылардың арнайы дипломдарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
«Мемлекет басшысы біздерге нақты міндеттер жүктеді, үлкен сенім артып отыр. Бүгінде сот ісін жүргізуді одан әрі жеңілдету, заңнаманы жетілдіру және судьялар корпусының кәсібилігін арттыру жұмыстарын жалғастыру, бірыңғай сот практикасын қалыптастыру мен сот жүктемесін азайтуға бағытталған жобалар қолға алынып, сот әкімшілігін реформалау жұмыстары жүргізілуде.
Көптен күткен кәсіби мерекеміздің аясында ұйымдастырылған турнирге қатысып, белсенділік танытқандарыңыз үшін баршаңызға шынайы алғасымды білдіремін!» деді Жетісай аудандық сотының төрағасы Арман Шындалиев жарыс соңында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *