ҒАСЫРЛАРДЫҢ КУӘГЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

Ұлттық тәрбиенің бастауы, қайнар көзі саналатын – аналар өнегесінің қай қоғамда болмасын алар орны ерекше. Қазақ қоғамында әулетті тура жолдан тайдырмай, дұрыс ізге салуда, жеткіншіктерді жастайынан адами келбет ауанынан алыстатпай тәрбиелеу үрдісінде ақ жаулықтылардың рөлі ерекше. Аналар өнегесі – ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, ғасырдан-ғасырға жалғасатын тәрбиенің таусылмас қайнар көзі.

«Ақ жол» демократиялық партиясынан Түркістан облыстық мәслихатының депутаттығына сайланған Досыбаев Абылайхан Әлімханұлы мен Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Эльмира Темірбаева аудандағы жасы 100-ден асқан тыл ардагерлерін «9 мамыр – Жеңіс күні» мерекесімен құттықтап, сый-сияпат жасады.

«Кешегі қанқұйлы соғыста майдангер ата-апаларымыз жауларымен қасық қаны қалғанша шайқасса, елде қалған кәрі-құртаң кемпір-шал мен әйел, бала-шаға да күндіз-түні тынбай еңбектеніп, жеңіс күнін жақындатуға ерлерше үлес қосты. Балалық балдәурен шағы соғыстың ауыр да азапты жылдарымен тұспа-тұс келген сондай тыл ардагерлерін Жеңістің 78 жылдығымен құттықтауды өзіміздің перзенттік парызымыз деп білеміз» дейді облыстық мәслихаттың депутаты Абылайхан Әлімханұлы

Ана тәлімі мен өнегесі – қашанда тәрбиенің сарқылмас бұлағы, қайнар көзі болып табылған. Ал, аналар даналығы – тіпті таптырмайтын философиялық ойлар мен күрмеуі қиын сұрақтардың шешімі десек асыра айтқандық емес. Жастары 100-ден асса да жастардың санасына ізгілік пен инабаттылықтың дәнін сеуіп, ибалы келін, көреген ене тәрбиелеуде белсенді аналар құрмет көрсеткен депутаттарға алғыстарын айтып, баталарын берісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *