БИЖАН АБДИГАПБАРҰЛЫ «АДАЛДЫҚ АЛАҢЫНЫҢ» ЖЕТЕКШІСІ БОЛДЫ

«Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы болып Садибеков Бижан Абдигапбарұлы тағайындалды деп хабарлайды aqparaqnews.kz порталы.

Садибеков Бижан Абдигапбарұлы Түркістан облысы, Келес ауданы, Бірлесу ауылында дүниеге келген.
М. Әуезов атындағы ОҚМУ түлегі. Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің магистранты.
2013 – 2014 жылдары ОҚМПИ Биология кафедрасында ассистент;
2015 – 2017 жылдары ОҚМПИ магистр-оқытушы;
2017 – 2019 жылдары ОҚМПУ «Жаратылыстану» факультеті деканының орынбасары;
2019 – 2022 жылдары Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының «Қоғаммен байланыс және ақпаратты талдау» бөлімінің басшысы қызыметін атқарған.
Сонымен қатар, Б.Садибеков Шымкент қаласы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
Айта кету керек, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметі қоғамдағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мегаполистің мемлекеттік органдарына азаматтардың сенімін арттыруға бағытталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *