ЖЕТІСАЙДА АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА ЖАРЫС ӨТТІ

Жетісай аудандық ардагерлер кеңесі мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Асыл қазына және Тең қоғам» КММ ұйымдастыруымен орталық қызметкерлері мен қызмет алушылары арасында спорттың бірнеше түрінен сайыс болып өтті деп хабарлайды aqparaqnews.kz порталы.

«1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» және Ұлы Жеңістің 77 жылдығы аясында дойбы, шахмат, үстел теннисі мен домино, бильярд сынды спорт түрлерінен өткен жарысқа «Асыл қазына және тең қоғам» мекемесінің Жетісай және Асықата мекемелерінен қатысқан 35 адамның 25-і ардагерлер болса, 5-і мүмкіндігі шектеулі қызмет алушылар. 5-і мекеме қызметкерлері болды.
Қатысушылар арасында тартысты өткен сайыстың қорытындасы бойынша дойбы ойнаудан Нұрғали Махамбетов бас жүлдені жеңіп алса, шахматтан Владимир Цхай, үстел теннисінен Жахангир Айнабеков, доминодан Гүлдана Омарәлі, бильярдтан Аманбай Жұмабеков жеңімпаз атанды.
Барлық жеңімпаздар мен белсенді қатысқан азаматтар орталық басшысы Бауыржан Норбаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Махамбетовтың арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, өткен жылдың соңында аудан әкімінің бастамасымен, аудандық мәслихат депутаттарының тікелей қолдауымен жергілікті қазынадан қаралған қаржыға дәрігерлік кеңестер беріліп, тұзбен емдеу, сенсорлық бөлме, емдік физкультура-йога, тренажер залы, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, психологиялық және құқықтық көмектер, емдеу және жақсарту психологиясы сынды әлеуметтік қызметтер көрсетілетін аталмыш орталықта 400-ге тарта ардагерлер мен 100-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жандар бар.
Одан бөлек, ардагерлердің өмір белсенділігін арттыру, бос уақыттарын тиімді өткізулеріне жағдай жасау мақсатында қолөнермен айналысып, кітаптар оқуына, елдегі және әлемдегі соңғы жаңалықтарынан дер кезінде хабардар болуға, шахмат, домино, нарды, теннис, биллиярд сынды ойындар ойнауына, бір-бірімен пікір алмасуларына толық мүмкіндіктер жасалған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *