ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖАСАДЫ

Ел басына күн туған қиын-қыстау сәттерде бір шаңырақтың астына бірігіп, елдің елдігін көрсеткен қазақ батырларының ықылым замандағы ерлігін Жетісай ауданының жастары қайталап отыр.
Нұрлыбек Мутаев бастаған аудан жастары мен қайырлы істерден қалыс қалмайтын «Мұрагер» мейрамханасының басшысы Әсия Балғабаеваның ұйымдастыруымен Жетісай ауданы, Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» орталық базарында тосыннан болған өртті толығымен ауыздықтауда тынымсыз жұмыс істеп жатқан өрт сөндірушілер мен оқиға орнындағы, жалпы қала аумағындағы тәртіпті сақтауда, құқық бұзушылықтың алдын алуда кезекшілікте жүрген полиция қызметкерлеріне түскі астары мен сулары таратылды.
«Мақсатымыз – бергеніміз бен істегенімізді елге мақтанып, жарнамалау емес, қиын-қыстау сәттерде біз үшін, қоғамымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін күн-түн демеу жұмыс істеп жүрген азаматтарымызға қолымыздан келгенінше қолдау көрсету» дейді аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұрлыбек Сағынбекұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *