ТҮРКІСТАН: ШАЛҒАЙДАҒЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН ТОЛҒАНДЫРҒАН МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Мобильді қоғамдық қабылдаудың жұмысы Қазығұрт ауданындағы Қ.Абдалиев және Шанақ ауылдық окургінде жалғасты. Жалпы 36 азамат өздерін алаңдатқан мәселелерге назар аударуды сұрай келді. Тұрғындардың арыз-өтініштерін облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, жауапты басқарманың өкілдері, жергілікті құрылымдық бөлімдердің мамандары қабылдады.
Қ.Абдалиев ауылдық окургінде өткен қабылдауда 21 азамат түрлі шағымдарын жеткізді. Атап айтқанда жаңа мектеп салу, субсидия, ішкі жол құрылысы, ауыз су, жайылым жер, елді мекендердегі бағдаршамдардың іске қосылмауы, жұмыссыздық мәселелері көтерілді. Мәселен Амангелді елді мекенінің тұрғыны Д.Утемисовтың сұрағына қабылдау сәтінде жауап берілді. Елді мекендегі жалпы орта мектепке 150 орындық қосымша ғимарат салынуға жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сатып алу рәсімі өтіп жатқаны мәлімделді.
Ал, Шанақ ауылдық округіндегі Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Жорабаев Шанақ елді мекеніндегі өзекті мәселелерді қозғады. Оның айтуынша интернет мәселесі бүгінге дейін шешімін таппай келеді. Тұрғынның шағымын назарға алған мобильді қоғамдық қабылдау өкілдері Республикалық «Қазақтелеком» АҚ-на ұсыныс хат жолдайтындарын айтты. Келесі көтерген мәселесі Келдібек би көшесіне жол кедергісін салу бойынша да облыстық тиісті басқармаға ұсыныс берілетін болды. Сондай-ақ көшелерді күл-қоқыстардан тазартуды жіті назарға алуды сұраған тұрғынға мәселе оң шешілгені хабарланды.
Партияның мобильді қоғамдық қабылдау жобасы аясында Қазығұрттағы 5 елді мекен тұрғындарымен кездесу өтіп, жалпы 161 азаматтың талап-тілектері тыңдалды.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *