ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕС КҮШЕЙМЕК

Егістік алқаптың қас жауы саналатын Марокко шегірткесі биыл қауіп төндіруі мүмкін. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев зиянкестен шаруалар шығынға ұшырамас үшін алдын алу шараларын күшейтуді жүктеді деп хабарлайды aqparaqnews.kz порталы.

Өсімдік атаулыны жайлайтын жәндікке қарсы 30 мың гектардан астам аумаққа тиімділігі жоғары дәрі себіледі. Түркістан облысының жалпы жер қоры – 11,6 млн гектарды құрайды, оның 4,2 млн. гектары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер.
Бүгінде облыс бойынша 1 млн.гектардан астам алқапқа мониторинг жұмыстары жүргізілді. Жыл сайын қолданылатын химикаттарға зиянкестердің иммундық жүйесі пайда болуына байланысты өткен жылдан бастап Түркістан облысында Энжио (Швейцария), Вантекс (Дания) препараттары қолданылып, биологиялық тиімділігі 94% -ды құрады. Биыл бұл жұмыстарға 200-ден астам адам жұмылдырылады. Басым бөлігі жұмыспен қамту орталығы арқылы бағытталмақ.
Облыс әкімінің төрағалығымен өткен апталық аппарат жиынында ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы баяндалды. Қайта құрылған «Ветеринариялық қызметте» 2 мыңдай маман жұмыс істейді. Мемлекет басшысының Жолдауында ветеринария саласын жетілдіруге үлкен мән беріп, оның ішінде ветеринариялық мамандардың жалақысын ұлғайтуды тапсырды. Осыған байланысты ветеринариялық дәрігерлердің жалақысы – ауылдық деңгейде 25%-ға, аудандық деңгейде 10%, облыстық деңгей 5 % өсті.
Ветеринариялық іс-шаралардың сапасын арттыру үшін, былтыр жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, 16 бірлік арнайы жабдықталған УАЗ фермер автокөліктері, 16 бірлік биопрепараттарды сақтауға арналған камералық тоңазытқыштар, 200-ге жуық витриналық тоңазытқыштар, 800-ден астам термочемодан, ит ұстауға арналған құралдар мен 390 бірлік компьютер жиынтығы алынды. Бұдан бөлек, аудан, қаладағы 16 ветеринариялық ұйымдар біріктіріліп облыстық «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны құрылды. Бұл тәжірибе елімізде алғашқы рет қолға алынып отыр. Нәтижесінде аудан, қалалардағы көмекші-техникалық персоналдар ветеринар мамандарға алмастырылып саннан сапаға көшірілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *