ШЕКАРАДАН ЗАҢСЫЗ ӨТКЕН ШЕТЕЛ АЗАМАТЫ ҰСТАЛДЫ

Жетісайлық полицейлер ел шекарасын заңсыз кесіп өткен шетел азаматын ұстады деп хабарлайды aqparaqnews.kz порталы.

Жетісай аудандық полиция бөлімінің полицейлері аудан аумағындағы шетелдіктердің тиісті құқықтық тәртібін қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау, Қазақстан Республикасы аумағына келу, болу, кету ережелерін сақтау мақсатында жедел-профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Сондай кезекті шара барысында полиция қызметкерлері Жетісай ауданы, Атақоныс елді мекенінде орналасқан шекарадан түнгі уақытта Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз кірген Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Тексеру кезінде шетел азаматының ел аумағына кіруге рұқсат қағазы жоқ болып шықты. Ол шекараның сымдарын заңсыз кесіп өткен.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚК-нің 392-бабы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша тіркеді. Бүгінгі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *