ШАРДАРАҒА ВИЦЕ-МИНИСТР ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов Шардара ауданына іс-сапармен келіп, Көксу ауылында шаруалармен, аудан депутаттарымен және су мамандарымен кездесті деп хабарлайды aqparaqnews.kz порталы.

Кездесу барысында тұрғындар мен депутаттар тарапынан ағын суды уақытылы беру, Қызылқұм магистралды каналын қайта жөндеуден өткізу, ағын су төлемақысын төмендету және лимитін реттеу секілді мәселелер көтерілді.
Сондай-ақ, кездесуде болған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан табиғи құбылысқа байланысты ағын су тапшылығына тап болатын шаруаларға қосымша күнкөріс жағдайын жасау, ағын су төлемақысын дұрыс жүйелеу және уақытылы егінге су беру өнімге тікелей әсер ететіндігі жөнінде атап өтті. Сонымен қатар, диқандар әр жыл сайын жергілікті әкімдікпен ақылдасып, жылдық жағдайларды бағамдай отырып сұранысқа ие өнімдерді егумен айналысуға көшу керектігін қозғады.
Жергілікті шаруа қожалық басшылары және диқандармен кездесіп, толғандырған мәселелерін тыңдаған вице-министр қойылған сұрақтарға жауап берді. Ағын суға байланысты айтылған қосымша ұсыныстар бойынша қос тарап бүгінгі күнгі егіске қажетті суды жеткілікті мөлшерде босатуға келісті. Өз кезегінде Серік Қожаниязов аудандағы ағын су тарифін реттеуді министрлікте көтеретінін, тиімді шешім шығарылатынын айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *