ШАРДАРАДА ШІРКЕЙ ҚАПТАП ТҰР

«Шіркеймен күресті дер кезінде қолға алмаса, соңы түрлі аллергиялық аурулардың таралуына алып келуі әбден мүмкін» дейді биолог мамандар деп хабарлайды aqparaqnews.kz порталы.

Түркістан облысы, Шардара ауданында көктем-жаз мезгілдерінде жыл сайын туындайтын өзекті мәселелердің бірі – шіркеймен күрес. Биылғы жылы шіркейдің жылдағыдан көбейгенін тұрғындар растап отыр. Басты себеп – жаздың жаңбырлы болуынан дейді.
Десек те, табиғат тосын мінез танытып, жауын-шашын көп түсті деп қол қусырып отыруға да болмайды. Өйткені, шардаралықтар үйден шыға алмайтын жағдайға жеткендіктерін, таза ауада серуендеу түгілі егістіктерін суғарып, кешкісін өрістен қайтқан малдарын қораларына жайғаудың өзі мұңға айналғанын айтады.
Бізге жеткен мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы Шардара ауданы әкімінің өкімімен ауданда аса қауіпті зиянды организмдермен күресу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында арнайы штаб құрылып, «Марокко» шегірткесіне қарсы 3125 га, «Саяқ» шегірткесіне қарсы 2400 га, карантиндік арамшөптерге қарсы 222 га, қауын шыбынына қарсы 142 га, мақта көбелегіне қарсы 720 га, өрмекші-кенеге қарсы 1050 га жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліпті.
Ал, жылда қайталанатын, көбеймесе азая қоймаған шіркейге қарсы дезинсекциялық шараларға қатысты былтырғы және биылғы жылғы мәлімет жоқ.
«Шыны керек, соңғы жылдары шіркейге қарсы өңдеу жұмыстарының жүргізілгенін құлақпен естіп, көзбен көрмедік. Жүргізілсе де қоспасын үнемдеп жатыр ма белгісіз, ешқандай әсер жоқ. Керісінше, көбейіп барады. Күн қатты ысығанда ғана болмаса былайша далаға шыға алмайтын жағдайға жеттік. Балалар аулаға шықса маса мен шіркейге таланып келеді» дейді шардаралықтар.
Биолог мамандардың пікірінше, тұрғындармен қатар төрт түлікке де тыным бермейтін дәл осы кіп-кішкентай қансорғыштар тулемияға, яғни, сауықтыру протоколы әлі нақты толтырылмаған аллергиялық ауруға алып келуі әбден мүмкін екен.
Сондықтан, жергілікті билік өткен жылдардан сабақ алып, шіркеймен күрес жұмыстарын бір жүйеге келтірмесе болмас.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *