ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: «ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУ — ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қалалық саябақ, Б.Саттарханов даңғылының сол жақ бөлігін абаттандыру, осы даңғылдағы желілік саябақтарды ел игілігіне беру бағытындағы жұмыстарды да көріп, тиісті тапсырмалар берді деп хабарлайды aqparaqnews.kz порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан қаласын дамытудың бірінші кезеңі аяқталып, негізгі әлеуметтік-инфрақұрылымы қаланғаны, 251 жоба іске асып, 123 нысанның құрылысы аяқталғаны жұртшылыққа мәлім. Бүгінде шаһарды дамытудың екінші кезеңі қарқынды жүргізіліп жатыр. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қаладағы құрылыс нысандарын жаяу аралап, жұмыс барысын кезекті рет қадағалаудан өткізді.
– Алдымызда Түркістанды Түркі әлемінің орталығына айналдыру міндеті тұр. Бұл – үлкен жауапкершілік. Сондықтан, жауапты басшылар, инвесторлар, осында құрылысқа атсалысып, жобаны жүзеге асырып жүрген азаматтар өз істерін адал атқарулары тиіс. Қаланы 100 пайыз газдандыру нәтижесінде экологиясы жақсарды. Жан-жақтан су көздерін тауып, қаланы жасыл желекпен көмкерудеміз. Тұрғындарға және қонақтарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде атқарыла береді, – деген Өмірзақ Шөкеев әрбір нысан бойынша өз ұсыныстарын мен ескертпелерін білдірді. Мердігер компания басшыларымен, құрылысшылармен сөйлесті. Қалалық саябақ, Б.Саттарханов даңғылының сол жақ бөлігін абаттандыру, осы даңғылдағы желілік саябақтарды ел игілігіне беру бағытындағы жұмыстарды да көріп, тиісті тапсырмалар берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *