ОБЛЫСТА ІНДЕТ ҚАЙТА ӨРШІДІ

Түркістан облысында короновирус індетінің таралуы күшеюде деп хабарлайды aqparaqnews.kz порталы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында жыл басынан бері 400-ден аса Covid-19 фактісі тіркелсе, соңғы тәулікте 129 адам вирус жұқтырған. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Түркістан облысы коронавирус инфекциясының аурушаңдығы бойынша жасыл аймақта орналасқанымен тұрғындар сақтық шараларын ұстануды ұмытпағаны абзал.
«Облыс аумағында ревакцинация жалғасуда. Ревакцинацияға 59 687 доза жеткізіліп, 49 783 адамға егілді. Қазір облыстағы медициналық ұйымдарда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың аса қажетті тізімі бекітіліп, 2 айлық резервтік қор қалыптастырылды. Жедел-жәрдем қызметі 122 автокөлікпен қамтамасыз етіліп, 96%-ға жаңарды. Төсек-орындар да түгел дайындалған»-деді Марат Орынбасарұлы.
Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышановтың мәліметінше, облыста аурушаңдықтың күнделікті тіркелуі артып, эпидемиологтарды қатты алаңдатуда. Бұл жаңа «Омикрон» штаммының айналымымен байланысты. Ескеретін жайт, «Омикрон» штаммы коронавирустық инфекцияның басқа түрлерімен салыстырғанда, 20-30 жас аралығындағы адамдардың ең белсенді тобына әсер етеді. Сондай-ақ, таралымы өте жылдам. Сондықтан, тұрғындар әлеуметтік арақашықтықты сақтап, бетперделік режимді ұмытпағаны абзал.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *