МАҚТААРАЛДА «ЗАМАНДАСТАР ЖӘНЕ ТЕҢ ҚОҒАМ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде «Замандастар және тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ресми түрде ашылды деп хабарлайды aqparaqnews.kz порталы.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Бақыт Асанов аудандағы қазыналы қарияларға арналған орталықтың жұмысымен толық танысты. Сондай-ақ, салтанатты жиынға ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мырза Мұса, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітбек Оңғаров және аудан ардагерлері қатысты.
Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ауданның 65 жастан асқан зейнеткерлері және 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі азаматтары ондаған қызмет түрін бір жерден пайдалана алады. Атап айтқанда, дәрігерлер кеңесі, құқықтық, психологиялық көмектер, емдік дене шынықтыру, шахмат, үстел теннисі, бильярд, ән айту, би билеу, кітапхана, компьютер, интернет курстары, қолданбалы шығармашылық өнер түрлері бойынша қызметтер көрсетіледі.
«Замандастар және Ten Qogam» әлеуметтік көмек көрсету орталығы аптасына 5 күн, сағат 9:00-ден 13:00-ге, түстен кейін 14:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Әр үйірмеге, топқа азаматтар өздеріне қолайлы уақытқа жазыла алады. Барлық зейнеткерлерімізді, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды уақытын тиімді пайдалану үшін орталығымызға шақырамыз» дейді ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мырза Мұса.
Айта кетейік, аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен ауданда ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету бағытында мұнан да басқа шаралар жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *