МАҚТААРАЛДА МАҚТА ШИКІЗАТЫН ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ҚОЛҒА АЛЫНУДА

Қазақстан мен Түркия елдерінің бірлесіп ашқан «Tulpar May» ЖШС арқасында жылына 2,9 мың тонна мақта майы, 14 мың тонна шрот өндірілсе, алдағы уақытта жіп иіретін текстиль фабрикасын іске қосу да жоспарланып отыр деп хабарлайды aqparaqnews.kz порталы.

Мақтаарал ауданында мақта майын шығаратын зауыт іске қосылды. Қазақстан мен Түркия елдерінің бірлесіп ашқан «Tulpar May» ЖШС арқасында жылына 2,9 мың тонна мақта майы, 14 мың тонна шрот өндірілетін болады.
Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов Мақтаарал ауылдық округі, Көкарал елді мекеніне арнайы барып, жаңадан ашылған өндіріс ошағының жұмысымен танысты. Жалпы инвестиция көлемі 2,1 миллиард теңгені құрайтын кәсіпорынның аумағы 0,27 гектарды құрайды.
Зауытта 50-ге жуық адам жұмысқа қабылданған. Жылына 10 мың тонна мақтаны өңдеуге қауқарлы. Қазіргі таңда зауыттың құрал-жабдықтарын орнатудың соңғы сатылары жүзеге асуда.
Мақта өсіретін өңір үшін мұндай кәсіпорындар көптеп керек. Өйткені, мақтааралдықтар ақ алтынын шикізат күйінде емес, дайын өнім күйінде еліміздің басқа өңірлеріне, шетелге сата алса – тұрғындар табысын еселейді. Мақта майын шығаратын зауыттан бөлек, Түркия мемлекетімен бірге жіп иіретін текстиль фабрикасын іске қосу да жоспарланып отыр.
Айта кетейік, 2021-2024 жылдары Мақтаарал ауданында шетелден тікелей инвестиция тарту бағытында жалпы көлемі 10,8 миллиард теңгені құрайтын 5 ірі жоба іске асырылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *