ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ПӘТЕР ҰРЫСЫН ҰСТАДЫ

Түркістан облысы, Қазығұрт аудынының полицейлері 50-ден астам пәтер ұрлығын жасаған күдіктіні ұстады деп хабарлайды aqparaqnews.kz порталы.

Түркістан облысы Полиция Департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мен Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің полицейлері Түркістан облысының бірнеше ауданында жасалған 50-ден астам пәтер ұрлығына қатысы бар үй ұрысын ұстады.
«Анықтауымызша, күдікті жас жігіт үйлердің пластик терезесін бұзып ашып, бөлмелердегі ақша мен алтын бұйымдарды жымқырған. Және ұрланған бөтеннің мүлкін Шымкент қаласындағы ломбардтарға өткізіп отырған. Ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған» деп мәлімдеді Түркістан облысы Полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қ.Сахов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *