ҚАЗЫҒҰРТТА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев пен аудандық мәслихат депутаты А.Күзенбайқызының ұсынысымен «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай Қазығұрт елді мекенінен «Раян» ерекше балаларды оңалту орталығы ашылды деп хабарлайды aqparaqnews.kz порталы.

«Amanat» партиясының «Халыққа көмек біріңғай әлеуметтік терезе» партиялық жобасы аясында өткізілген көшпелі қоғамдық қабылдауы барысында Қызылқия ауылының белсендісі, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Б.Махсутов аудан әкімі А.Абдуллаевтан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталықтарының аудан орталығынан ашылуына көмек берілуін өтінген болатын.
Айтылған өтініш аяқсыз қалмай аудан әкімі мен мәслихат депутаты А.Күзенбайқызының ұсынысымен Қазығұрт елді мекенінен «Раян» ерекше балаларды оңалту орталығы ашылды.
Қазығұрт ауданында бүгінде 62 күндізгі қатынау бөлімін қажет ететін балалар бар. Орталықтың ашылуы балаларды үш бағытта дамытуға үлкен септігін тигізбек. Мұнда білікті мамандар соңғы емдік әдістерді пайдалана отырып балаларға кешенді медициналық-әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіп, сауықтыру шараларын жүргізеді. Кешенді ем еркеше балалардың дамып-жетілуіне, қозғалыс пен сөйлеудегі көрсеткіштерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
«Өз атымнан және мүгедек балалар өсіріп отырған аналар атынан, аудан әкімі А.Абдуллаевқа, аудандық мәслихат депутаты А.Ақынғазиеваға, «Amanat» партиясы Қазығұрт аудандық филиалына алғыс айтамын. Бүгін көптен бері сұраныста келе жатқан орталық Қазығұрт ауданында да бой көтерді, «Раян-Ауэр» орталық Қазығұрт ауданында ең бірінші ашылған оңалту орталығы болып саналады. Сіздерге алғысымыз шексіз» дейді «Өзіңе сен, батырым» мүмкіндігі шектеулі балалар тобының жетекшісі А.Төлтаева.
Айта кетейік, партия және партия мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары қазақстандық отбасылардың әл-ауқатының артуын, сәбилеріміздің бақытты балалық шағын, өскелең ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қамқорлық жасауда.
«AMANAT» партиясының басты міндеті – әрбір қазақстандықтың өз әлеуетін іске асыруына теңдей мүмкіндік жасау. Осыған сәйкес, ауданның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта құру көрсеткішін 100% жеткізу көзделген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *