БАҒА ӨСІМІН БОЛДЫРМАУ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Шардара ауданындағы әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу, тауар тапшылығын болдырмау бойынша аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылуда деп хабарлайды aqparaqnews.kz порталы.

Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының қаулысымен бағаларды тұрақтандыру бойынша ауданда арнайы жұмысшы тобы құрылып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бойынша іс-шара жоспары бекітілген болатын. Жоспар аясында аудандағы ірілі-ұсақты 50 сауда дүкендерімен екіжақты меморандум жасалып, қол қойылған.
Шардара аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Өмірбек Рүстемовтың айтуынша жұмысшы топ тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары туралы күнделікті мониторинг жасалып, кәсіпкерлік және сауда басқармасына тұрақты түрде жолданып отыр.
Сонымен қатар, Шардара қаласында аптасына бір рет болатын мал-базарда тұрақты түрде Шардара және көршілес Келес, Мақтаарал, Жетісай аудандарының шаруалары мен кәсіпкерлері тарапынан бақша, көкөніс өнімдері, азық-түлік тауарлары нарық бағасынан 10-15 пайыз көлемінде төмен сатылуда.
Шардара ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын негізсіз өсірмеу және тұрақтандыру бойынша облыстық «Түркістан ӘКК» АҚ-на аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиевтің әлеуметтік тауарларды бөлдіру бойынша шығыс хаты жолданған.
Осыған байланысты қала, ауылдық округтердегі кәсіпкерлермен тиісті жұмыстарды жүргізіліп, әлеуметтік маңызды азық-түліктер аудан халқына арзан бағада сатылып жатқандығы жайлы аудандық БАҚ-та жарияланған.
Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыруға байланысты ауданда тұтынатын азық-түлік пен жеміс-жидек тауарлары бойынша жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтардың қатысуымен алдағы уақытта жәрмеңкелер өткізу жоспарлануда. Жәрмеңкелерде азық-түлік пен көкөністер базар бағасынан 20 пайыз төмен бағада сатылатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *