Көркем еңбек — оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, қолмен жұмыс жасау шеберлігін қалыптастыратын пән. Бұл пән арқылы оқушылар материалмен жұмыс істеуді, ойлап табуды, әсемдеуді үйренеді. Көркем еңбек — тек жстетикалық тәрбие құралы ғана емес, еңбекке баулудың, табандылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеудің тиімді жолы. Шәкірттер киіз, ағаш, қағаз, мата, саз секілді түрлі материалдармен жұмыс жасап, ұлттық және заманауи қолөнер бұйымдарын жасайды. Осылайша олар ұлттық мәдениетті, дәстүрді меңгеріп, шеберлікке алғашқы қадам жасайды.
N44 «Жаңа дала» жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025-2026 оқу жылының 06-17 қазан аралығында көркем еңбек пәні әдістемелік бірлестігінің «Ұлттық қолөнер — ұлттық құндылық» тақырыбында онкүндік іс-шарасы өткен болатын.

Мақсаты:
- Оқушыларға ұлттық қолөнер түрлері туралы түсінік беру, тарихи және мәдени маңызын ұғындыру;
- Қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін насихаттау арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу;
- Шығармашылық қабілеттерін арттырып, қолөнерге қызығушылықтарын ояту;
- Еңбекке баулу, эстетикалық тәрбие беру және ұлттық мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Апталық барысында оқушылар ұлттық қолөнер түрлерімен танысып, олардың шығу тарихы мен маңызын зерделеді. Қолдан жасалған бұйымдар көрмесі өткізіліп, оқушылар өз бұйымдарын таныстырды. Сурет салу, сәндік-қолданбалы өнер бойынша байқаулар ұйымдастырылды. Тәрбие сағаттары мен танымдық шаралар арқылы ұлттық мәдениетке деген қызығушылық пен құрмет қалыптастырылды. Бұл апталық — оқушыларды ұлттық мұраға баулудың, шығармашылыққа жетелеудің және еңбекке тәрбиелеудің бір жолы. Қолөнерге қатысты викториналар мен сұрақ-жауап сайыстары өтті. Апталық қорытындысы ретінде марапаттау рәсімі ұымдастырылды. Бұл шаралар оқушылардың ұлттық өнерге қызығушылықтарын арттырып, тарихи-мәдени танымдарын кеңейтеді.
Қорытындылай келе «Ұлттық қолөнер — ұлттық құндылық» апталығы барысында оқушылар халқымыздың бай мұрасы — қолөнердің түрлері мен маңызын терең түсініп, өз шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды. Апталық түрлі танымдық, тәрбиелік шараларға толы болды.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға, өнерге деген құрметін арттыруға зор ықпал етеді.
Бабалар мұрасын бағалай білетін, ұлттық құндылықтарды қадірлейтін ұрпақ тәрбиелеу — баршамыздың ортақ міндетіміз.
Барша қатысқан сыныптар мен оқушыларға, ұстаздарға алғысымызды білдіре отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс, шабыт және биік жетістіктер тілейміз.
N44 «Жаңа дала» ЖББМ КММ технология пәнінің мұғалімі Ибрагимова А.
